Skip to main content
Бала тәрбиесіжаңалықтар

Негізсіз тағылған жала

By Тамыз 28, 2023No Comments

Елімізде бала тәрбиесі және әлеуметтік салада елеулі жұмыстар атқарып келе жатқан «Жібек Жолы» қайырымдылық мекемелер қауымдастығына қарасты қайырымдылық мекемелер көп жылдар бойы нәтижелі еңбек атқарып, халықтың ықыласына бөленіп келе жатқаны белгілі.

Қайырымдылық мекемелер тәрбиеленушілерін имандылық тәрбиеге баулып, оқу орындарынан еш қол үздірмей, зайырлы білім алуларына жағдай жасап, рухани құндылықтарымызбен сусындаған, ұлттық салт-дәстүрімізді толықтай білетін, заманауи технологиялық жетістіктерді жетік меңгерген, еліміздің өркендеуіне жəне азаматтық қоғам қалыптастыруда белсенді əрекеттерімен аянбай еңбек ететін, ғаламдық бəсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған жаңа буын жастар легінің қалыптасуына жылдар бойы қолайлы жағдай жасап келеді.

Соңғы уақыттарда кейбір адамдар ел игілігі үшін жұмыс атқарып жатқан осы мекемелерге негізсіз айыптар тағып, қаралап, жала жауып әлеуметтік желілерде жариялап жүргендері, әрине, көңіл қынжытарлық жағдай.

Қайырымдылық мекемелерге және осы мекемелерде қызмет жасайтын азаматтарға түрлі жала жабылғанын және осы айыптаулардың негізсіз екенін хабарлаймыз.

Көпшілік алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып жасаған осы әрекеттері үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңының 73-3-ші жала жабу бабы бойынша заң алдында жауапқа тартылатынын ескертеміз.