Skip to main content
Бала тәрбиесіжаңалықтар

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

By Желтоқсан 16, 2023No Comments

Қазақстан Республикасының Тәуелсіз ел атанғанына биыл 32 жыл болды. Сонау ғасырлар бойы қиыншылықты басынан өткерген халқымыз үшін тәуелсіз ел атану жаратушыдан берілген ең қымбат асыл қазына. Тарих тұрғысынан алғанда, отыз жыл – көзді ашып жұмғанда өтіп кетер қас-қағым сәт.

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихына көз жүгіртер болсақ — 1991 жылы КСРО ның ыдырауы нәтижесінде одақ құрамында болған елдер өз алдарына тәуелсіз мемлекет болып жатқанда Қазақстанда өз алдына тәуелсіз мемлекет бола алды.

1991 жылдың​ 16-желтоқсанда​ Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі​ “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заңды қабылдады. Ескере кететіні Қазақстан КСРО құрамындағы елдердің арасында ең соңғысы болып Тәуелсіздігі туралы заңды қабылдады.

Еліміздің Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып, әлемнің бірінші дамыған державасы саналатын АҚШ мойындап, артынша Қытай, Ұлыбритания, Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеттері мойындады. Иран​ — Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған мұсылман елдері ішінде алғашқысы болды.

32 жылда еліміз әлем елдері арасында жеке дара дербес ел екенін дәлелдеді. Өзінің көршілес елдермен даусыз шекарасы, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар ел атанды.

Тәуелсіздіктің арқасында бүгінге дейін көптеген жетістіктеріміз бар. Осындай берекелі елде тұру әрбір қазақстандық үшін үлкен бақыт.

Еліміздің әсем де көрікті қалалары мен білім, ғылым,​ денсаулық, спорт салалары айрықша даму үстінде. Қазіргі таңда Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуроодақ, Халықаралық Валюта Қоры және ЮНЕСКО сияқты аса беделді халықаралық ұйымдарының толық құқылы және белсенді мүшесі болып отыр.​ ​ ​

Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн.

Тәуелсіздігіміздің 32 жылдық мерейтойы тұғырлы, баянды болсын. Әрқашан күн сөнбесін. Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы, егемен еліміздің ұрпағының еңсесі биік болып, көк аспанда қасиетті көк туымыз мәңгі желбіресін.​ ​