Ата-ана баласының дүниеге келгеніне қуануы керек. Өйткені Расулуллаһ (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Бала – дүниенің бақыты және ақыреттегі нұр» деген екен. Егер дүниеге қыз бала келсе, ата-анасы көбірек қуанып, оған құрмет көрсетуі керек. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Бірінші баланың қыз болуы – ананың берекесі. Алладан ауыртпалықсыз, қайырлы перзент сұрадым, Алла маған қыз берді» деген екен. Қыз бала өте нәзік келеді. Бауыржан Момышұлы атамыздың келіні Зейнеп апамыз өзінің «Бабалар аманаты» атты кітабында: «Қазақ қазақ болғалы қыз сыйлаған, қызын алқалаған текті халық еді. Сандығында кілті жоқ жомарт қазақ сол жомарттығын алдымен қызына жасаған. «Ұл – түтін, қыз – күтім» деп қызға жақсыны кигізіп, дәмдіні жегізіп, жорғаны мінгізген. Үйдің оң жақ төріне отырғызған. Бала дүниеге келгенсоң оған әдемі есім қою керек. Жетінші немесе одан кейінгі күні ақиқа ретінде құрбан шалынады. Егер ұл бала болса 2 құрбан, қыз бала болса 1 құрбан шалады. Ұл баланын он жасына дейін сүндеттелуі дұрыс. Баласы 6 жасқа толғанда ата-анасы дінімізді салт дәстүрмізді, көркем мінезбен әдептерімізді үйрете отырып құран оқып үйренуіне жәнеде басқадай білімге баулып балаларының тәрбиесіне мән беру керек. Оларға садақ атуды, жүзуді және бір қолөнерді үйрету керек. Хадисте: «Қолөнер – кедейліктен сақтайды» делінген. Егер бала діни білімге жұмсақтық танытса, бұл оларға жолбасшы болар еді. Қыздарға әсіресе тамақ пісіруді және тігін тігуді үйрету керек, өйткені оларға қажет болады. Ата-аналар барлық балаларын киіндіруде, тамақтандыруда және сыйлық беруде бірдей әрекет етуі керек. Жемістерді алдымен қыздарға бергені дұрыс, өйткені олардың жүрегі жұмсақ жаны әлсіз келеді. Ата-аналар балаларына өте мейірімді болуы қажет. Оларды сүйіп, құшақтау керек. Ата-аналар олармен ойнап, смайликпен сөйлесуі керек. Ата-ана балаларына қарғыс айтпауға мүлдем болмайды, керісінше олар үшін әрқашан дұға ету керек. Өйткені қарғыс кедейлікке апарады. Ата ананың әр бір баласына деген дұғасы қабыл болады сондықтан балаларға абайлап сөйлеу керек кейде қатты ұрсам деп қарғап сөйлесеңіз бұл қарғыс қабыл болып, оларға зиян келтіруі мүмкін. Он жасқа толған қыздар мен ұлдарды бөлек жатын бөлмелерде ұстау керек. Балалар неке жасына жеткенде оларға көмектесіп, тек олардың келісімімен некеге тұру керек. Адам басқа біреудің баласы туралы жаман ойлауға болмайды, бұл деструктивті ойы өз баласына зиян тигізуі мүмкін.