2011 жылға дейін «Жібек Жолы» қауымдастығына қарасты қайырымдылық мекемелер шәкірттерге діни сауат ашу, имандылық тәрбие сабақтарын өздері жүргізіп келген болатын. 2011 жылы қараша айында қабылданған «Діни қызмет туралы» заң бойынша бұдан кейін діни білімді тек діни бірлестіктер ғана бере алады деген норма енгізілді. Осыған байланысты 2012 жылдан бастап қауымдастық құрылып, 2014 жылдан бастап ҚМДБ-мен ынтымақтастық меморандум жасау арқылы діни сауат ашу курсын жүргізудің жаңа бағдарламасы бекітілді. Бекітілген бағдарлама негізінде, қайырымдылық мекемелердің базасындағы арнайы бөлінген бөлмелерде ҚМДБ тарапынан бекітілген ұстаздар мен олардың көмекшілері бағдарламаға сай күніне имандылық тәрбие сабақтарын жүргізіп келді.
2020 жылдың қараша айынан бастап, қауымдастық, Дін істері агенттігі және ҚМДБ арасында Меморандусға қатысты үш жақты келіссөздер жүргізіліп, 2021 жылы қараша айында «Жібек Жолы» қайырымдылық мекемелер қауымдастығы мен Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум қайта жаңартылған болатын. Ағымдағы жылдың 26 қаңтарында меморандум Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы тарапынан қайта тоқтатылды.