БІЗ ТУРАЛЫ

ҚАУЫМДАСТЫҚ ТӨРАҒАСЫ

Омаров Ахметжан Олжабайұлы
Жібек жолы … Ғасырлар қойнауынан қаншама құпия сыр шертетін осынау бір атаудың, бүгінгі ақпарат заманында қайтадан белең алып, әртүрлі салада ауық-ауық кездесіп жатқандағы кездейсоқ емес болар. Тек сауда-саттық қана емес, өркениет пен мәдениеттің, хат-хабар алмасудың, сол дәуірдегі жаңалықтардың жаршысы болумен қатар, ілім мен білімнің дамуында да зор үлес қосқан жолдар еді.

Жібек жолы» ассоциациясы өз жарғысына сай жастардың зайырлы білім алуына жағдай жасай отырып, оларды салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелейді.

ҚАУЫМДАСТЫҚ МАҚСАТЫ

Қауымдастықтың мақсаты — Мектеп оқушылары мен студент жастарға жайлы жатын орын, адал ас беріп, ыңғайлы орта жаратып, материалдық көмек көрсету. Елін сүйіп, жерін қадір тұтатын, тарихын танып, дәстүрін ұғатын, тілін құрметтеп, дінін қастерлейтін өнегелі ұрпақ тәрбиелеу.

ҚАУЫМДАСТЫҚ ТАРИХЫ

«Жібек Жолы» қауымдастығы — Жүйелі басқару арқылы қызметте жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін құрылған. Алғаш рет 1992 жылы Ақмола облысында басталды. Осылайша, тәуелсіздіктің алғашқы жылдары қазақ балалары діни сауатын ашып, бірте-бірте жергілікті қазақ ұстаздар оқуын тамамдап, ел ертеңі үшін шәкірт тәрбиелеуге, жаңа мекемелер ашып, ел игілігіне қолдануға атсалыса бастайды.

2011 жылға дейін «Жібек Жолы» қауымдастығына қарасты қайырымдылық мекемелер шәкірттерге діни сауат ашу дәрістерін өздері жүргізіп келген болатын. 2011 жылы қараша айында қабылданған Діни қызмет туралы заң бойынша бұдан кейін діни білімді тек діни бірлестіктер ғана бере алады деген норма енгізілді. Осыған байланысты 2012 жылдан бастап қауымдастық құрылып, 2014 жылдан бастап ҚМДБ-мен ынтымақтастық меморандум жасау арқылы Діни сауат ашу курсын жүргузідің жаңа бағдарламасы бекітілді.

2019 жылдың 19 шілдесінен бастап «Жібек Жолы» қайырымдылық мекемелер қауымдастығы мен Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум қайта жаңартылды. Бүгінгі таңда Республика аумағында 90-нен аса қайырымдылық мекемелер ресми тіркеліп өз қызметтерін жемісті жалғастырып жатыр.