Білім-тәрбие жобасы
Материалдық жетіспеушіліктің салдарынан, жыл сайын көптеген мектеп жасындағы балалар жеткілікті түрде білім ала алмағандықтан, білім-тәрбие жолы басталмай жатып, жабылып қалуда. Өскелең ұрпаққа қолдау көрсетіп, білім жолын ашу біздің қолымызда.
Материалдық жағдайы төмен, көп балалы және аз қамтылған отбасынан шыққан балаларды «Жібек жолы» қайырымдылық мекемелер қауымдастығы өз қамқорлығына алып, жатар орын, үш мезгіл ас, кітапхана, компьютермен жабдықталған сыныптармен қамтамасыз етіп, білімін арттыру үшін арнайы репетитор, мұғалімдер жалдап, сапалы, бәсекеге қабілетті білім алуына барлық жағдай жасауда.