«Алшаң Жібек жолы» қайырымдылық қорлардың ассоциациясы қызметкері» – деп таралған ақпаратқа қатысты «Жібек жолы» қайырымдылық мекемелер қауымдастығының МӘЛІМДЕМЕСІ

2020 жылдың 15 қазанындағы  КТК телеарнасының «Астарлы ақиқат» бағдарламасының кезекті шығарылымында «Талақкер» атты тақырыппен Нұргүл Сейтмахамбет есімді азаматшаның басынан өткізген оқиғасы туралы арнайы бағдарлама жарық көрді.

  Бұл бағдарламада Нұргүл Сейтмахамбеттің өзінің бұрынғы күйеуі Есей Сәлімбай Амангелдіұлымен болған отбасылық өмірі жайлы баяндалып, талқыланған болатын.

Аталған бағдарламада Есей Сәлімбай Амангелдіұлы Шымкент қаласының «Тассай» медресесінің ұстазы және Сарыағаштағы медресенің қызметкері деп көрсетілген.

Ал, Есей Сәлімбайдың әкесі Амангелді Шораұлы, «Жібек жолы» Қайырымдылық мекемелер қауымдастығының төрағасы деп көрсетілген.

 

Осы тұрғыда «Жібек жолы» Қайырымдылық мекемелер қауымдастығы төмендегідей жағдайды мәлімдейді:

 

 Есей Сәлімбай Амангелдіұлы 2020 жылдың мамыр айында «Сарыағаш» қайырымдылық мекемесінен қызметтен босатылған болатын, және ол азамат қазіргі таңда «Жібек жолы» Қайырымдылық мекемелер қауымдастығына қатысты қайырымдылық мекемелерде қызмет атқармайды. Ал, Есей Амангелді Шораұлы «Жібек жолы» Қайырымдылық мекемелер қауымдастығының төрағасы болып қызмет атқармайды және бұған дейін де атқармаған.  Сондықтан бұл азаматтың Қауымдастыққа  ешқандай қатысы жоқ екендігін хабарлаймыз.

Осыған орай, «Жібек жолы» Қайырымдылық мекемелер қауымдастығында қызмет атқармайтын жоғарыда көрсетілген азаматтарды «Жібек жолы» Қайырымдылық мекемелер қауымдастығының қызметкерлері деп қабылдамауды сұраймыз!

 

«Жібек жолы» Қайырымдылық мекемелер қауымдастығы