ЖОЛДАУ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ!

Бүгін «Жібек жолы» Қайырымдылық мекемелер қауымдастығы төрағасының қатысуымен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты тақырыптағы халыққа үндеуін қауымдастықтың құрамындағы мекеме басшыларымен бірге талқылау жиыны өткізілді. Ресми жиын ҚР Мемлекеттік Әнұранын орындаудан басталды. Қауымдастық төрағасы Омаров Ахметжан Олжабайұлы жиынды ашты. Өз мәлімдемесінде: «Барлықтарыңызға белгілі, бүгінгі жинымыздың басты мақсаты: Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына жолдауын талқылау. Біз аз ғана уақыт ішінде замана көшімен бірге заңғар биіктер мен тағдыр талқысындағы ерлікке теңерлік еңбектердің арқасында өзімізді таныта білдік. Қазақ елі қайсарлы да батыл, айбатты да асқақ елдердің бірі. Осындай еңсесі іргелі тұғыры нық, ырыс пен ынтымағы, береке мен бірлігі жарасқан елдің ұрпақтарын имандылық пен рухани кемелденген ұрпақ тәрбиелеу жолында тер төгіп келе жатқандығымызды мақтан ете білуіміз керек. Бүгін сіздермен бірге мемлекет басшысының Жолдауында айтылған басты міндеттерді нысанаға ала отырып, өз қызметіміздің дамуына қажетті ресми міндеттерді айқындап алуымыз керек» - деп алдағы уақыттарға нақты міндеттерді белгіледі.

«Жібек жолы» Қайырымдылық мекемелер қауымдастығының баспасөз хатшысы Чуматанов Арман Мұратханұлы мен  «Жібек жолы» Қайырымдылық мекемелер қауымдастығы ресми сайтының бас редакторы Шүиіншәли Абай Серікұлы Жолдауда айтылған 11 бөлімге жеке-жеке тоқталып өтіп, мекеме басшыларына түсіндірді.

         Елдің ертеңіне үмітпен қарап, өткеніне көз жүгіртіп бүкіл тарихты білуге ұмтылып өсіп келе жатқан рухани толысқан ұрпақ тәрбиелеу ісінде біздің «Жібек жолы» Қайырымдылық мекемелер қауымдастығына қарасты мекемелеріміз бен ондағы сапалы кадрлар алған білімдерін мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру жолында қолдануда. Тәуелсіздік тек еліміздегі ғылым мен білімнің, мәдениеттің дамуына ғана өз үлесін тигізбеді. Сонымен қатар, рухани жағынан да үлкен дүмпу алып келді. Асыл дінімізді еркін үйреніп білуге, өзгелерге үйретуге үлкен мүмкіндік алдық.

Аталған Жолдауда көрсетілген міндеттердің үдесінен шығу үшін арнайы бірқатар атқарылатын іс-шаралардың жоспары бекітілді. Мекемелерімізде тәрбиеленушілердің компьютерлік сауаттылығын, ғылыми жұмыспен айналысуға баулу тұрғысында, сонымен қатар рухани-адамгершілік тәрбие жұмыстарына қатысты жоспарларымыз жүзеге асырылмақ.

 

 

 

Шүиіншәли Абай Серікұлы

ҚР Журналистер Одағының,

ҚР Бас редакторлар клубының мүшесі,

«Жібек жолы» Қайырымдылық мекемелер қауымдастығы

 ресми сайтының бас редакторы