Skip to main content
белсенділік

біріншілік басталды

By Желтоқсан 10, 2021Желтоқсан 11th, 2021No Comments

Алматыда жасөспірімдер арасында үстел теннисі ойындарынан ашық біріншілік басталды. Байрақты бәсеке ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.
Сайысқа 30-ға жуық үміткер қатысуға талап білдірген болатын. 12 мен 16 жас аралығындағы жас тәрбиеленушілер әдемі ойын өрнегін көрсетіп, 14 жеңімпаз ақтық сынға жолдама алды.  Шапшаңдық. Дәлдік. Зеректік.  Үстел теннисі ойынына қойылатын басты талап – осылар. Елбасы межесіне сәйкес, халықты 30 пайыз спортпен қамту және балаларды жат әдет-қылықтан тыю  – басты міндетіміз.
… спорттың бұл түрін үйреніп жүргеніне көп бола қойған жоқ. Әйтсе де, үстел үстіндегі ақ доптың құрттай домалауы дарынды ұланды бірден баурап әкетті. Енді ол жарыс жолында жеңімпаз атану үшін намысты қолдан бермеуге тырысып бағуда.
Жеңімпаздар арнайы белгіленген сыйлықтармен марапатталатын болады.