Жібек Жолы

қайырымдылық мекемелер қауымдастығының ресми сайты

ҚҰРЫЛТАЙ ШАРТЫ

1 бап. ШАРТТЫҢ МӘТІНІ

1.1. Осы Шарттың қатысушылары «Жібек Жолы» қайырымдылық мекемелер қауымдастығы» заңды тұлғалардың бірлестігі,Қазақстан Республикалық Азаматтық Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қаңтардағы «Коммерциялық емес ұйымдары туралы» заңына сәйкес ұйымдастырады.

1.2. Қауымдастықтың қазақ тіліндегі аталуы: «Жібек Жолы» қайырымдылық мекемелер қауымдастығы» заңды тұлғалардың бірлестігі;орыс тілінде: Объединение юридических лиц «Ассоциация благотворительных учреждений «Жібек Жолы» деп аталады.

1.3. Қауымдастықтың Құрылтайшылары Қауымдастық Жарғысын бекітеді, осы Шартқа оның бөлінбейтін құрамы ретінде қосылады.

1.4. Қауымдастықтың мекен-жайы және орналасқан жері:

050062, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Әуезов ауданы, 2 ы/а, 20 «А» үй.

1.5. Қауымдастық қызметіне шек қойылмайды.

1.6. Қауымдастық жоғары оқу орындарының студенттеріні және мектептер мен орта-арнайы білім беру орындарындағы  оқушыларды, соның ішінде аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылар мен студенттерді адамгершілікке және рухани дамуы үшін әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, ұйымдастыру жағдайын қалыптастыруға, олардың қазақстандық отаншылдық және азаматшылдық  сезімдерін қалыптасуына, құқықтары мен еркіндіктерін іске асыруына және олардың ұлттық  дүниетанымының қалыптасуына, мәдениетті, рухани-адамгершілік салттар мен дәстүрлерді құрметтеуге, білімге деген ұмтылысын, ғылымға, техникаға, өнерге, әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыруға, шығармашылық қабылеттерін дамытуға және тәрбиеленушілердің денсаулығын нығайтуға бағытталған, Тәрбиенушілердің денсаулықты нығайту және салауатты өмір салтын қалыптастыру, зиянды әдеттердің (маскүнемдік, нашақорлық, токсикомания) жағымсыз ықпалдан сақтандыратын жағдайларды жасау бойынша Қауымдастықтың Мүшелердің күш-жігерін біріктіру мақсатында құрылады. мақсатында құрылады.

1.7. Қауымдастық өзінің міндеттемелері бойынша өзіне тән мүлкінің шегінде жауап береді, ол мүлікке қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өндіріп алу талап етіліуі мүмкін.

Қауымдастық өзінің мүшелерінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Қауымдастықтың мүшелері Қазақстан Республикасының заңдарымен және құрылтай шартымен қарастырылған тәртіпте және мөлшерде оның міндеттемелері бойынша бірлесе жауап береді.

Қауымдастық мемлекеттің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Мемлекет те Қауымдастықтың міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

2 бап. ҚАУЫМДАСТЫҚТЫҢ МҮШЕЛЕРІНІҢ КҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТЕРІ

2.1. Қауымдастықтың мүшелері:  

  • қолданылатын заңдарға сәйкес, Жарғыда көрсетілген тәртіппен Қауымдастықтың істерін басқаруда қатысу;
  • қауымдастық жарғысында көзделген тәртіппен Қауымдастықтың қызметі туралы ақпарат алуға, оның бухгалтерлік жән өзге де құжаттамасымен танысуға;
  • қауымдастық қызметінің сұрақтары бойынша Қауымдастықтың жалпы жиналысына қарауына ұсыныстар енгізу;
  • Жарғыда белгіленген тәртіпте Қауымдастықтың мүшелері құрамынан шығу құқылы.

Қауымдастықтың мүшелері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қауымдастықтың Жарғысына сай басқа құқықтармен пайдаланады.

2.2. Қауымдастықтың мушелері:

  • Қауымдастықтың жарғысының талаптарын орындауға;
  • кіру, мүшелік және мақсатты жарналарды белгіленген тәртіпте, мөлшерде және әдістерде уақтылы

төлеу;

  • 10 жұмыс күндері ішінде кіру жарналарын төлеуге;
  • Қауымдастықтың басқару органдарының шешімдерін орындау;
  • Қауымдастықтың қызметінде қатысты сұрақтарды шешуге қажетті мәліметтерді ұсыну;
  • Қауымдастықтың қызметінде қатысты және оның мүдделеріне қатысты мәліметтерді үшінші тұлғаларға бермеу және тараптау;
  • Қауымдастыққа қатысты өзіне алған міндеттемелерді орындау;
  • Қауымдастықтың оның қызметінде көмектесу;
  • Қауымдастыққа нұқсат келтіруі мүмкін кез-келген қызметтен ұстану міндетті.

2.3. Құрылтайшы шарты баптарында және Жарғыға сәйкес Қауымдастықтың мүшелері өзге құқықтары мен міндеттерін орындауға.

2.4. Қауымдастықтың мүшелерiнiң құрамынан шығу реті:

2.4.1. Қауымдастықтың мүшесі өзінің қарауы бойынша Қауымдастықтан шығуға құқылы. Бұл жағдайда Қауымдастықтың мүшесі шыққан сәттен бастап екі жылдың ішінде өзінің жарнасына тепе-тең түрде Қауымдастықтан шығуға дейін туындаған міндеттемелері бойынша бірлесе жауап береді.

2.4.2. Қауымдастық мүшесі Қауымдастықтың мақсаттары мен міндетеріне қайшы келетін қызметті атқарғаны үшін, Қауымдастықтың Жарғысын, Құрылтай шартын, Қауымдастықтың қызметін реттейтін басқа да құжаттарды бұзғандығы үшін Қауымдастықтың жалпы жиналысына Қауымдастықтың  қатысқан мүшелерінің 2/3 дауыстарының шешімі бойынша оның құрамынан шығарылуы мүмкін.

2.4.3. Қауымдастықтың мүшелігінен шыққан немесе шығарылып жіберілген тұлғалар жарна ретінде төлеген ақшалардан қайтаруды талап етуге құқылары жоқ.

2.4.4. Қауымдастық мүшелерінің құрамынан шығарылған тұлғалар Қауымдастықтың мүшелігіне кем дегенде бір жылдан кейін ғана қайта қабылдана алады.

3 бап. ҚАУЫМДАСТЫҚТЫҢ МҮЛКІ МЕН ҚАРАЖАТТАРЫ

3.1. Қауымдастық өзінің қызметінің мақсат пен міндетеріне және мүліктің пайдалану орнына сәйкес өзінің атынан тіркелген балансындағы мүлкін пайдалану, иелік ету, өкімдік ету құқығын жүзеге асырады.

3.2. Қауымдастықтың Мүшелерімен берілетін мүлік Қауымдастықтың меншігі болып табылады. Мүшелер Қауымдастықтың мүлкіне қатысты мүлікке құқықтары жоқ.

3.3. Қауымдастықтың мүлкін құрау негіздері болып табылады:

– Қауымдастық Мүшелерінен түсімдер – мөлшерін Қауымдастықтың жалпы жиналысы белгілейтін кіру, мүшелік және мақсатты жарналар;

– ерікті мүліктік жарналар мен қайырымдылықтар;

– заңдармен белгілінген жағдайларда тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді өткізуден түсетін табыстар (табыстар);

– акциялар, облигациялар, өзге де бағалы қағаздар мен салымдар (депозиттер) бойынша алынатын сыйақылар (табыстар, сыйақылар (мүдде);

– заңдармен тыйым салынбаған өзге де түсімдер.

3.4. Қауымдастық қызмет барысында орны алуы мүмкін шығындар Қауымдастықтың жалпы жиналысы белгіленген тәртіпте жабылады.

3.5. Қауымдастықтың қызметінен алынатын табыстар және сондай табыстың есебінен алынатын мүлік Қауымдастықтың меншігі болып табылады.

4 бап. ҚАУЫМДАСТЫҚТЫ БАСҚАРУ

4.1. Қауымдастықтың жоғары органы оның Мүшелерінің Жалпы жиналысы болып табылады. Жалпы жиналыста Қауымдастықтың әрбір Мүшесі бір дауысқа ие. Қауымдастықтың Төрағасы Қауымдастықтың атқарушы және үнемі әрекет етуші органы болып табылады.

4.2. Қауымдастықтың мүшелері Жалпы жиналысының құзіреті және Қауымдастықты басқару құрылымы Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қауымдастықтың Жарғысымен анықталады.

5 бап.ҚАУЫМДАСТЫҚТЫҢ  МҮШЕЛЕРІ ҚҰРАМЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР

5.1. Қауымдастыққа жаңа мүше қабылдау заң және Қауымдастықтың Жарғының талабына сәйкес жүргізіледі.

5.2. Жаңа мүшені қабылдау Құрылтайлық Шартына қосылу туралы Шартпен ресімделеді, оған Қауымдастықтың өкілетті басшысы және жаңа мүшесі қол қояды.

6 бап. ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ, ТАРАТУ ЖӘНЕ ТОҚТАТУ

6.1. Қауымдастықты қайта ұйымдастыру және тарату Қауымдастықтың Мүшелерінің Жалпы жиналысымен немесе сотпен қабылданады және қолданыстағы заңнамаға және Жарғыға сәйкес жүзеге асырылады.

7 бап.ҚАУЫМДАСТЫҚ  ТАРАТЫЛҒАННАН КЕЙІН МҮЛІКТІ БӨЛУ ТӘРТІБІ

  1. 1. Таратылған Қауымдастықтың кредиторлардың талаптарын қанағаттандырылғаннан кейін қалатын мүлікті Қауымдастықтың жарғылық мақсаттарына жолданады

8 бап. БАСҚА ЖАҒДАЙЛАР

8.1. Осы Шарт өз күшіне қол қойған күннен бастап енеді және Қауымдастықты қайта ұйымдастыру немесе таратуға жатады.

Share This