Жібек Жолы

қайырымдылық мекемелер қауымдастығының ресми сайты

Қауымдастық қызметінің басты мәні мыналар:

  1. Оның Мүшелерінің мемлекеттік билік органдарында, Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде заңды тұлғалармен өзара қарым-қатынастарында жалпы мүліктік және өзге де мүдделерді қорғау мен іске асыру;
  2. Қызметті шаруашылық-құқықтық қамтамасыз ету, заңнама және оны қолдану тәжірибесі, зияткерлікті қоса алғанда, меншікті құқықтық қорғау, сондай-ақ Қауымдастықтың Мүшелерінің іскерлік мүдделері туралы ақпаратпен алмасуды ұйымдастыру;
  3. Ақпаратпен және пікірлермен өзара тиімді алмасуды ұйымдастыруда, семинарларды, конференцияларды, көрмелерді, тұсаукесерлерді және Қауымдастық Мүшелерінің мүдделері үшін басқа да іс-шараларды өткізуде көмек көрсету;
  4. Қауымдастық Мүшелеріне құқықтық, әдістемелік, кеңестік және өзге де көмек көрсету;
  5. Қауымдастық Мүшелерінің тәжірибесін насихаттау бойынша жарнамалық және баспа қызметін жүзеге асыру.

Сондай-ақ, Қауымдастық өз жұмысын мемлекеттік органдармен және басқа ұйымдармен, мекемелермен, қоғамдық және діни бірлестіктермен, қорлармен, ұлттық-мәдени орталықтармен, Қазақстан мұслымандар діни басқармасымен өзара әрекеттестік немесе ынтымақтастық шараларды да құра алады.

Share This