ҚАУЫМДАСТЫҚ ЖАРҒЫСЫ

  1. Жалпы ережелер

1.1.«Жібек Жолы» қайырымдылық мекемелер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі, ары қарай «Қауымдастық», осы Жарғы коммерциялық емес заңды тұлға болып табылатын, негізгі мақсаты кіріс табу болып табылмайтын, алған кірісінің Құрылтайшылардың арасында бөлмейтін, Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Жарғыға сәйкес әрекет ететін Қауымдастықтың қызметін реттейді.

Қауымдастық тіркелгеннен кейін оның Мүшелеріне айналатын құрылтайшылармен құрылды.

1.2. Толық атауы:

  • мемлекеттік тілде:

«Жібек Жолы» қайырымдылық мекемелер қауымдастығы» заңды тұлғалардың бірлестігі;

  • орыс тілінде:

Объединение юридических лиц  «Ассоциация благотворительных учреждений «Жібек Жолы».

1.3.  Қауымдастықтың  мекен-жайы:

050062, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Әуезов ауданы, 2 ы/а, 20 «А» үй.

  1. Қауымдастықтың заңды мәртебесі

2.1. Қауымдастық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап заңды тұлғаның  құқығын алады.

2.2. Қауымдастықтың өз аты, жазылған мөрі, дербес балансы, банкіде есеп-шоты мен басқа да шоттары және аты-жөні жазылған бланкілері бар.

2.3. Қауымдастық өзінің қызметін мақсатқа жеткізу үшін, өз атынан келісім-шарттарға тұруға, мүліктік және мүліктік емес құқықтарға ие болуға, міндеттерді орындауға, сотта талапкер мен жауапкер болуына құқылы.

2.4.Қауымдастық өзінің міндеттемелері бойынша өзіне тән мүлкінің шегінде жауап береді, ол мүлікке қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өндіріп алу талап етіліуі мүмкін.

Қауымдастық өзінің мүшелерінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Қауымдастықтың мүшелері Қазақстан Республикасының заңдарымен және құрылтай шартымен қарастырылған тәртіпте және мөлшерде оның міндеттемелері бойынша бірлесе жауап береді.

Қауымдастық мемлекеттің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Мемлекет те Қауымдастықтың міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

2.5. Қауымдастықтың мүшелері өзінің дербестігі мен заңды тұлғаның құқығын сақтайды.

2.6.  Қауымдастық  Қазақстан Республикасының аймағында және шет елдерде филиалдар мен өкілдіктерді ашуға, басқа заңды тұлғалармен бірге бірлестіктер (одақтар) құруға, сонымен бірге басқа заңды тұлғалардың қызметінде қатысуға құқылы.

  1. Қауымдастық қызметінің мәні мен мақсаты

3.1.  Қауымдастық қызметінің негізгі бағыттары болып табылады:

– Мекемеге жеке үнделген немесе Тәрбиеленушінің ата-аналарының немесе олардың заңды өкілдерінің арызы бойынша айналған жоғары оқу орындарының студенттерін және мектептер мен орта-арнайы білім беру орындарындағы оқушыларды, соның ішінде аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылар мен студенттерді (әрі қарай -Тәрбиеленуші) адамгершілікке дамуы үшін әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, ұйымдастыру жағдайын қалыптастыруға, олардың қазақстандық отаншылдық және азаматшылдық  сезімдерін қалыптасуына, құқықтары мен еркіндіктерін іске асыруына және олардың ұлттық  дүниетанымының қалыптасуына, мәдениетті, салттар мен дәстүрлерді құрметтеуге, білімге деген ұмтылысын, ғылымға, техникаға, өнерге, әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыруға, шығармашылық қабылеттерін  дамытуға және тәрбиеленушілердің денсаулығын нығайтуға бағытталған, Тәрбиенушілердің денсаулықты нығайту және салауатты өмір салтын қалыптастыру, зиянды әдеттердің (маскүнемдік, нашақорлық, токсикомания) жағымсыз ықпалдан сақтандыратын жағдайларды жасау бойынша Қауымдастық Мүшелердің күш-жігерін біріктіру мақсатында құрылады.

3.2.  Қауымдастық қызметінің мәні:

– оның Мүшелерінің мемлекеттік билік органдарында, Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде заңды тұлғалармен өзара қарым-қатынастарында жалпы мүліктік және өзге де мүдделерді қорғау мен іске асыру;

– қызметті шаруашылық-құқықтық қамтамасыз ету, заңнама және оны қолдану тәжірибесі, зияткерлікті қоса алғанда, меншікті құқықтық қорғау, сондай-ақ  Қауымдастықтың  Мүшелерінің іскерлік мүдделері туралы ақпаратпен алмасуды ұйымдастыру;

– ақпаратпен және пікірлермен өзара тиімді алмасуды ұйымдастыруда, семинарларды, конференцияларды, көрмелерді, тұсаукесерлерді және  Қауымдастық Мүшелерінің мүдделері үшін басқа да іс-шараларды өткізуде көмек көрсету;

– Қауымдастық Мүшелеріне құқықтық, әдістемелік, кеңестік және өзге де көмек көрсету;

– Қауымдастық Мүшелерінің тәжірибесін  насихаттау бойынша жарнамалық және баспа қызметін жүзеге асыру.

Қауымдастық  өз жұмысын мемлекеттік органдармен және басқа ұйымдармен, мекемелермен, қоғамдық және діни бірлестіктермен, қорлармен, ұлттық-мәдени орталықтармен, Қазақстан мұслымандар діни басқармасымен өзара әрекеттестікте құрады.

3.3. Лицензиялауға жататын қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін  Қауымдастық  белгілінген заң тәртібінде лицензия алуға міндетті.

3.4. Кәсіпкерлік қызметті  Қауымдастық  жарғының мақсат-міндеттеріне сәйкес келітіндіктен ғана жүзеге асыра алады.

3.5. Қауымдастықтың  кәсіпкерлік қызметінен түсетін табыстар  Қауымдастықтың құрылтайшылардың арасында бөліне алмайды және жарғы мақсатына бағытталады.  Қауымдастықтың  табысын қайырымдылық мақсаттарға пайдалануға рұқсат етіледі.

  1. Қауымдастықтың мүлкі мен қаражаттары

4.1.  Қауымдастық өзінің қызметінің мақсат пен міндетеріне және мүліктің пайдалану орнына сәйкес өзінің атынан тіркелген балансындағы мүлкін пайдалану, иелік ету, өкімдік ету құқығын жүзеге асырады.

4.2. Қауымдастық Мүшелерімен берілетін мүлік  Қауымдастықтың  меншігі болып табылады. Мүшелер  Қауымдастықтың  мүлкіне қатысты мүлікке құқықтары жоқ.

4.3. Қауымдастықтың  мүлкін құрау негіздері болып табылады:

– Қауымдастық Мүшелерінен түсімдер – мөлшерін  Қауымдастықтың  жалпы жиналысы белгілейтін кіру, мүшелік және мақсатты жарналар;

– ерікті мүліктік жарналар мен қайырымдылықтар;

– заңдармен белгілінген жағдайларда тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді өткізуден түсетін табыстар (кірістер);

– акциялар, облигациялар, өзге де бағалы қағаздар мен салымдар (депозиттер) бойынша алынатын сыйақылар (табыстар, сыйақылар (мүдде);

– заңдармен тыйым салынбаған өзге де түсімдер.

4.4. Қауымдастық Мүшелері мен демеушілері өз жарналарын келесі түрде жүзеге асыра алады:

– ақша (теңгеде және шетел валютасында, қолма-қол сондай-ақ қолма-қол емес түрде);

– мүліктің алуан түрінде;

– өзге де мүліктік құқықтар.

4.5. Қауымдастық қызмет барысында орын алуы мүмкін шығындар Қауымдастықтың  жалпы жиналысы белгіленген тәртіпте жабылады.

4.6. Қауымдастықтың қызметінен алынатын табыстар және сондай табыстың есебінен алынатын мүлік  Қауымдастықтың  меншігі болып табылады.

  1. Қауымдастықтың Мүшелері

5.1. Заңды тұлғалар Қауымдастыққа қабылданған, кіру, мүшелік және мақсатты жарналарын Қауымдастықтың  жалпы жиналысымен белгіленген тәртіп пен мөлшерінде төлеген  Қауымдастық  Мүшелері болып табылады

5.2. Қауымдастықтың Мүшелері ретінде Қазақстан Республикасының  жерінде, сондай-ақ, шетелде тіркелген, Қауымдастықтың мақсаттарын ұстанатын, Қауымдастықтың Жарғы талаптарын орындайтын кезкелген заңды тұлғалар бола алады.

Қауымдастық мүшелеріне қабылдау туралы шешімді Қауымдастық жалпы жиналысы заңды тұлғаның өтінші негізінде көпшілік дауысымен қабылданады.

  1. Қауымдастықтың Мүшелерінің құқықтары мен міндеттері

6.1. Қауымдастық  Мүшелері:

  • қолданылатын заңдарға сәйкес, Жарғыда көрсетілген тәртіппен Қауымдастықтың істерін басқаруда қатысу;
  • Қауымдастық жарғысында көзделген тәртіппен Қауымдастықтың қызметі туралы ақпарат алуға, оның бухгалтерлік жән өзге де құжаттамасымен танысуға;
  • Қауымдастық қызметінің сұрақтары бойынша Қауымдастықтың жалпы жиналысына қарауына ұсыныстар енгізу;
  • Жарғыда белгіленген тәртіпте Қауымдастықтың мүшелері құрамынан шығу құқылы.

6.2. Қатысушылар қолданылатын заңнамада және  Қауымдастықтың  осы жарғысында көзделген басқа да құқықтарға ие бола алады.

6.3. Қауымдастықтың  қатысушылары:

  • Қауымдастықтың жарғысының талаптарын орындауға;
  • кіру, мүшелік және мақсатты жарналарды белгіленген тәртіпте, мөлшерде және әдістерде уақтылы

төлеу;

  • 10 жұмыс күндері ішінде кіру жарналарын

төлеуге;

  • Қауымдастықтың басқару органдарының шешімдерін орындау;
  • Қауымдастық қызметінде қатысты сұрақтарды шешуге қажетті мәліметтерді ұсыну;
  • Қауымдастық қызметінде қатысты және оның мүдделеріне қатысты мәліметтерді үшінші тұлғаларға бермеу және тараптау;
  • Қауымдастыққа қатысты өзіне алған міндеттемелерді орындау;
  • Қауымдастық оның қызметіне көмектесу;
  • Қауымдастыққа нұқсат келтіруі мүмкін, кез-келген қызметтен ұстану міндетті.

 

  1. Мүшелікке қабылдау және Қауымдастықтағы мүшелікті тоқтату

7.1. Қауымдастық Мүшелерінің келісімімен Қауымдастық Мүшелерін қабылдау Кандидаттың өтінішінің негізінде Қауымдастықтың жалпы жиналысымен жүргізіледі.

7.2. Қауымдастықтың мүшесі өзінің қарауы бойынша Қауымдастықтан шығуға құқылы. Бұл жағдайда Қауымдастықтың мүшесі шыққан сәттен бастап екі жылдың ішінде өзінің жарнасына тепе-тең түрде Қауымдастықтан шығуға дейін туындаған міндеттемелері бойынша бірлесе жауап береді.

7.3. Қауымдастықтың мүшесі Қауымдастықтың мақсаттары мен міндетеріне қайшы келетін қызметті атқарғаны үшін, Қауымдастықтың Жарғысын, Құрылтай шартын, Қауымдастық қызметін реттейтін басқа да құжаттарды бұзғандығы үшін Қауымдастықтың жалпы жиналысына Қауымдастықтың қатысқан мүшелерінің 2/3 дауыстарының шешімі бойынша оның құрамынан шығарылуы мүмкін.

7.4. Қауымдастықтың мүшелігінен шыққан немесе шығарылып жіберілген тұлғалар жарна ретінде төлеген ақшалардан қайтаруды талап етуге құқылары жоқ.

7.5. Қауымдастық мүшелерінің құрамынан шығарылған тұлғалар Қауымдастықтың мүшелігіне кем дегенде бір жылдан кейін ғана қайта қабылдана алады.

 

  1. Басқару және бақылау органдары

8.1.  Қауымдастықта  келесі басқару және бақылау органдары құрылады және әрекет етеді:

1) Қауымдастық Мүшелерінің жалпы жиналысы Ассоциацияның жоғарғы басқару органы болып табылады.

2)  Қауымдастықтың  Төрағасы  Қауымдастықтың атқарушы органы болып табылады.

3) Тексеру комиссиясы  Қауымдастықтың  бақылаушы орган болып табылады.

8.2. Қауымдастықтың жалпы жиналысы

8.2.1. Қауымдастықтың жалпы жиналысы Жалпы жиналысқа қатысып отырғандардың және білдірілгендердің кемінде 50% кворумы болғанда Қауымдастық қызметінің кез келген мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға құқылы.

8.2.2. Жалпы жиналыстың ерекше құзіретіне келесі мәселелерді шешу жатқызылады:

А) Қауымдастықтың  құрылтай құжаттарын қабылдау және бекіту, оларға өзгертулер мен толықтырулар енгізу;

Б) Қауымдастықтың  атқарушы органын құру және оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату;

В) Қауымдастықтың  жылдық қаржылық есебін

бекіту;

Г) Қауымдастықтың  тексеру комиссиясын сайлау және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ  Қауымдастықтың  тексеру комиссиясының есептері мен қорытындыларын бекіту;

Д) Қауымдастықты  қайта құру немесе тарату туралы шешім шығару;

Е) Қауымдастық тарағаннан кейін қалған мүлікті бөлу тәртібін анықтау;

Ж) атқарушы органдардың қаржы есебін беру тәртібі мен кезеңділігін, сондай-ақ, бақылаушы органның тексеру жүргізу тәртібін, олардың қорытындыларын

анықтау;

З) тарату комиссиясын тағайындау және тарату баланстарын бекіту;

И) заң актілерімен белгіленген шекте  Қауымдастықтың басқа заңды тұлғаларды құруға және/немесе қызметіне қатысуы туралы шешім қабылдау;

К) филиалдар мен өкіліттіктерді құру туралы шешімдер қабылдау, Филиалдар мен Өкілдіктер туралы Ережелерді бекіту, олардың басшыларын тағайындау, олардың қызметін тоқтату;

Л) Қауымдастық  артықшылық қызмет бағыттарын бекіту;

М) Қауымдастықтың  Мүшелерінің кіру, мүшелік және мақсатты жарналарын төлеу мөлшерлері мен тәртібін белгілеу;

Н) Қауымдастықтың  Мүшелерінің құрамын өзгерту туралы шешімдерді қабылдау.

8.2.3. Қауымдастықтың Мүшелерінің жалпы жиналысы үш айда бір реттен кем емес Төрағасы шақырылады.

8.2.4. Қауымдастықтың  кезектен тыс жалпы жиналысы Төрағаның,  Қауымдастықтың  Мүшелерінің біреуінің немесе Тексеру комиссиясының бастамасы бойынша шақырылады.

8.2.5. Жалпы жиналысты өткізу туралы хабарлама хабарды жеткізуді қамтамасыз ететін байланыстың кез-келген түрі арқылы жиналыс болатын күнге қалған бес күннен кешіктірмей жөнелтіледі.

8.2.6. Жалпы жиналыстың күн тәртібіне Төраға  Қауымдастық мүшелерінің ұсыныстарын есепке ала отырып жасайды.

8.2.7. Қауымдастық Мүшелерінің жалпы санының жартысынан көбі қатысса, Жалпы жиналыс құқылы болып табылады.

8.2.8. Жалпы жиналыста  Қауымдастықтың  әрбір Мүшесі бір дауысқа ие. Жалпы жиналыстың жұмысына қатысатын  Қауымдастық  Мүшесінің өкілеттерінің өкілі Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес құжаттармен расталуы керек.

8.2.9. Жалпы жиналыстың шешімдері қатысқан  Қауымдастықтытың  Мүшелерінің  ашық дауыс беруі арқылы жай көпшілік дауыспен қабылданады, шешімдері бірауздан қабылданатын А), Д), Е) тармақшалармен қарастырылған сұрақтардан басқа.

8.3. Қауымдастықтың Төрағасы

8.3.1. Қауымдастықтың Төрағасы Қауымдастықтың атқарушы және үнемі әрекет етуші органы болып табылады. Қауымдастықтың Төрағасы Жалпы жиналыс хаттамасымен, мүшелерінің  көпшілік жай дауысымен үш жыл мерзімге сайлайды.

8.3.2.Қауымдастық Мүшелерінің Жалпы жиналысының ерекше құзіретіне жататын мәселелерден басқа сұрақтарға Төраға құзыретті болады, солардың ішінде:

  • жалпы жиналыстар арасында Қауымдастықтың  қызметіне жалпы басшылық ету;
  • Жалпы жиналысының шешімдерін орындайды;
  • қызмет жоспарларын, штаттық кестесін жасайды және лауазымды тұлғаларының өкілеттіктерін анықтайды;
  • Қауымдастықтың кезекті және кезектен тыс жалпы жиналыстарын шақырады, Жалпы жиналыстың күн тәртібін жасайды;
  • банктерде есеп айырысу шоттарын ашады, мәмілелер, келісімдер, шарттар жасайды;
  • Қауымдастықтың  атынан сенімхатсыз әрекет етеді, банктік және қаржылық құжаттарға бірінші болып қол қою құқығына ие;
  • Қауымдастықты танытуға құқық беретін, соның шінде қайта сеніп тапсыру құқығын беретін сенімхаттар

береді;

  • Қауымдастықтың ішкі қызметін реттейтін жергілікті актлерді шығарады және бекітеді;
  • Қауымдастықтың атынан заңды және жеке тұлғаларға талаптар мен шағымдар беру туралы шешімдер қабылдайды;
  • үш айда бір реттен кем емес Төраға Жалпы жиналыстың алдында Қауымдастық қызметінің нәтижесі туралы есеп береді;
  • басқа да өкілеттіктерді, соның ішінде Қауымдастық  қатысушыларының Жалпы жиналысы берген өкілеттіктерді атқарады.

8.3.3. Төраға өз міндеттерін орындаудан нақты бас тартатын күніне дейінгі бір айдан кешіктірмей,  Қауымдастықтың  Мүшелеріне жазбаша нысанда хабарлап, өз міндеттерін орындаудан бас тартуға құқылы.

8.4. Тексеру комиссиясы

8.4.1. Қауымдастықтың  атқарушы органының қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды жүзеге асыру үшін 5 жыл мерзімге 3 адамнан тексеру комиссиясы құрылады.  Қауымдастықтың Жалпы жиналысы Тексеру комиссиясының төрағасын 5 жыл мерзімге сайлайды

8.4.2. Тексеру комиссиясы жыл сайын бір реттен кем емес тексерулер жүргізеді және  Қауымдастықтың  Төрағасына жылдық есеп бойынша қорытынды береді.

Тексеру комиссиясының Төрағасы  Қауымдастықтың  Жалпы жиналысының алдында тексеру нәтижелері туралы есеп береді.

  1. Қауымдастықтың Жарғысына өзгерулер мен толықтырулар енгізу тәртібі

9.1. Қауымдастықтың  Жарғысына өзгерулер мен толықтырулар енгізу  Қауымдастықтың Жалпы жиналысының ерекше құзыретіне жатады.

9.2. Жарғыға өзгерулер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныс беру құқығы  Қауымдастықтың  кез-келген мүшесіне тиесілі. Ұсыныс Қауымдастықтың  Төрағасына жазбаша түрде жіберіледі. Осы мәселе туралы Жалпы жиналыстың шешімі бірауыздан қабылданады.

 

  1. Қауымдастық қызметінің қайта ұйымдастыру және тоқтатылуы

10.1. Қауымдастықтың  қызметі тоқтатылуы, қайта құру немесе таратылу арқылы жүзеге асырылады.

10.2. Қауымдастықтың  қайта құру (қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, қайта құру) Қауымдастықтың Мүшелерінің Жалпы жиналыс шешімі мен заңда қарастырылған тәртіп арқылы жүзеге асырылады.

10.3. Қауымдастық :

  • Қауымдастық Мүшелерінің жалпы жиналысының шешімімен;
  • сот шешімімен;
  • қолданылатын заңнамада қарастырылған басқа да негіздері бойынша таратылуға жатады.

10.4. Қауымдастықтың таратылуы  Қауымдастықтың Мүшелерінің жалпы жиналысының немесе сот шешімімен тағайындалған тарату комиссиясымен жүргізіледі. Тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап, оған Қауымдастықтың  қызметін басқару өкілеттілігі өтеді.

10.5. Тарату қолданылатын заңда қарастырылған тәртіп бойынша жүргізіледі.

10.4. Қауымдастықтың таратылуы Қауымдастық жалпы жиналысы немесе сот шешімімен тағайындалған тарату комиссиясымен жүргізіледі. Тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап, оған  Қауымдастық  қызметін басқару өкілеттілігі өтеді.

10.5. Тарату қолданылатын заңда қарастырылған тәртіп бойынша жүргізіледі.

10.6. Қауымдастықты тарату аяқталды, Қауымдастық – өз қызметін тоқтатты деп,  бұл туралы  Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне жазба жазылғаннан кейін  есептеледі

 

  1. Қауымдастық таратылғаннан кейін мүлікті бөлу тәртібі

11.1. Таратылған  Қауымдастықтың  кредиторлардың талаптарын қанағаттандырылғаннан кейін қалатын мүлікті  Қауымдастықтың  жарғылық мақсаттарына жолданады

 

  1. Қорытынды ережелер

12.1. Осы Жарғымен реттелмеген арақатынастар Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.

12.2. Егер осы Жарғының ережелердің бірі күшін жоғалтса, оның өзге ережелерге қатысы болмайды. Күшін жоғалтқан ереже құқытық тұрғыда рұқсат етілетін және мағынасы жағынан жақын ережемен ауыстырылады.

 

ҚҰРЫЛТАЙ ШАРТЫ

1 бап. ШАРТТЫҢ МӘТІНІ

1.1. Осы Шарттың қатысушылары «Жібек Жолы» қайырымдылық мекемелер қауымдастығы» заңды тұлғалардың бірлестігі,Қазақстан Республикалық Азаматтық Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қаңтардағы «Коммерциялық емес ұйымдары туралы» заңына сәйкес ұйымдастырады.

1.2. Қауымдастықтың қазақ тіліндегі аталуы: «Жібек Жолы» қайырымдылық мекемелер қауымдастығы» заңды тұлғалардың бірлестігі;орыс тілінде: Объединение юридических лиц «Ассоциация благотворительных учреждений «Жібек Жолы» деп аталады.

1.3. Қауымдастықтың Құрылтайшылары Қауымдастық Жарғысын бекітеді, осы Шартқа оның бөлінбейтін құрамы ретінде қосылады.

1.4. Қауымдастықтың мекен-жайы және орналасқан жері:

050062, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Әуезов ауданы, 2 ы/а, 20 «А» үй.

1.5. Қауымдастық қызметіне шек қойылмайды.

1.6. Қауымдастық жоғары оқу орындарының студенттеріні және мектептер мен орта-арнайы білім беру орындарындағы  оқушыларды, соның ішінде аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылар мен студенттерді адамгершілікке және рухани дамуы үшін әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, ұйымдастыру жағдайын қалыптастыруға, олардың қазақстандық отаншылдық және азаматшылдық  сезімдерін қалыптасуына, құқықтары мен еркіндіктерін іске асыруына және олардың ұлттық  дүниетанымының қалыптасуына, мәдениетті, рухани-адамгершілік салттар мен дәстүрлерді құрметтеуге, білімге деген ұмтылысын, ғылымға, техникаға, өнерге, әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыруға, шығармашылық қабылеттерін дамытуға және тәрбиеленушілердің денсаулығын нығайтуға бағытталған, Тәрбиенушілердің денсаулықты нығайту және салауатты өмір салтын қалыптастыру, зиянды әдеттердің (маскүнемдік, нашақорлық, токсикомания) жағымсыз ықпалдан сақтандыратын жағдайларды жасау бойынша Қауымдастықтың Мүшелердің күш-жігерін біріктіру мақсатында құрылады. мақсатында құрылады.

1.7. Қауымдастық өзінің міндеттемелері бойынша өзіне тән мүлкінің шегінде жауап береді, ол мүлікке қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өндіріп алу талап етіліуі мүмкін.

Қауымдастық өзінің мүшелерінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Қауымдастықтың мүшелері Қазақстан Республикасының заңдарымен және құрылтай шартымен қарастырылған тәртіпте және мөлшерде оның міндеттемелері бойынша бірлесе жауап береді.

Қауымдастық мемлекеттің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Мемлекет те Қауымдастықтың міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

2 бап. ҚАУЫМДАСТЫҚТЫҢ МҮШЕЛЕРІНІҢ КҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТЕРІ

2.1. Қауымдастықтың мүшелері:  

  • қолданылатын заңдарға сәйкес, Жарғыда көрсетілген тәртіппен Қауымдастықтың істерін басқаруда қатысу;
  • қауымдастық жарғысында көзделген тәртіппен Қауымдастықтың қызметі туралы ақпарат алуға, оның бухгалтерлік жән өзге де құжаттамасымен танысуға;
  • қауымдастық қызметінің сұрақтары бойынша Қауымдастықтың жалпы жиналысына қарауына ұсыныстар енгізу;
  • Жарғыда белгіленген тәртіпте Қауымдастықтың мүшелері құрамынан шығу құқылы.

Қауымдастықтың мүшелері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қауымдастықтың Жарғысына сай басқа құқықтармен пайдаланады.

2.2. Қауымдастықтың мушелері:

  • Қауымдастықтың жарғысының талаптарын орындауға;
  • кіру, мүшелік және мақсатты жарналарды белгіленген тәртіпте, мөлшерде және әдістерде уақтылы

төлеу;

  • 10 жұмыс күндері ішінде кіру жарналарын төлеуге;
  • Қауымдастықтың басқару органдарының шешімдерін орындау;
  • Қауымдастықтың қызметінде қатысты сұрақтарды шешуге қажетті мәліметтерді ұсыну;
  • Қауымдастықтың қызметінде қатысты және оның мүдделеріне қатысты мәліметтерді үшінші тұлғаларға бермеу және тараптау;
  • Қауымдастыққа қатысты өзіне алған міндеттемелерді орындау;
  • Қауымдастықтың оның қызметінде көмектесу;
  • Қауымдастыққа нұқсат келтіруі мүмкін кез-келген қызметтен ұстану міндетті.

2.3. Құрылтайшы шарты баптарында және Жарғыға сәйкес Қауымдастықтың мүшелері өзге құқықтары мен міндеттерін орындауға.

2.4. Қауымдастықтың мүшелерiнiң құрамынан шығу реті:

2.4.1. Қауымдастықтың мүшесі өзінің қарауы бойынша Қауымдастықтан шығуға құқылы. Бұл жағдайда Қауымдастықтың мүшесі шыққан сәттен бастап екі жылдың ішінде өзінің жарнасына тепе-тең түрде Қауымдастықтан шығуға дейін туындаған міндеттемелері бойынша бірлесе жауап береді.

2.4.2. Қауымдастық мүшесі Қауымдастықтың мақсаттары мен міндетеріне қайшы келетін қызметті атқарғаны үшін, Қауымдастықтың Жарғысын, Құрылтай шартын, Қауымдастықтың қызметін реттейтін басқа да құжаттарды бұзғандығы үшін Қауымдастықтың жалпы жиналысына Қауымдастықтың  қатысқан мүшелерінің 2/3 дауыстарының шешімі бойынша оның құрамынан шығарылуы мүмкін.

2.4.3. Қауымдастықтың мүшелігінен шыққан немесе шығарылып жіберілген тұлғалар жарна ретінде төлеген ақшалардан қайтаруды талап етуге құқылары жоқ.

2.4.4. Қауымдастық мүшелерінің құрамынан шығарылған тұлғалар Қауымдастықтың мүшелігіне кем дегенде бір жылдан кейін ғана қайта қабылдана алады.

3 бап. ҚАУЫМДАСТЫҚТЫҢ МҮЛКІ МЕН ҚАРАЖАТТАРЫ

3.1. Қауымдастық өзінің қызметінің мақсат пен міндетеріне және мүліктің пайдалану орнына сәйкес өзінің атынан тіркелген балансындағы мүлкін пайдалану, иелік ету, өкімдік ету құқығын жүзеге асырады.

3.2. Қауымдастықтың Мүшелерімен берілетін мүлік Қауымдастықтың меншігі болып табылады. Мүшелер Қауымдастықтың мүлкіне қатысты мүлікке құқықтары жоқ.

3.3. Қауымдастықтың мүлкін құрау негіздері болып табылады:

– Қауымдастық Мүшелерінен түсімдер – мөлшерін Қауымдастықтың жалпы жиналысы белгілейтін кіру, мүшелік және мақсатты жарналар;

– ерікті мүліктік жарналар мен қайырымдылықтар;

– заңдармен белгілінген жағдайларда тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді өткізуден түсетін табыстар (табыстар);

– акциялар, облигациялар, өзге де бағалы қағаздар мен салымдар (депозиттер) бойынша алынатын сыйақылар (табыстар, сыйақылар (мүдде);

– заңдармен тыйым салынбаған өзге де түсімдер.

3.4. Қауымдастық қызмет барысында орны алуы мүмкін шығындар Қауымдастықтың жалпы жиналысы белгіленген тәртіпте жабылады.

3.5. Қауымдастықтың қызметінен алынатын табыстар және сондай табыстың есебінен алынатын мүлік Қауымдастықтың меншігі болып табылады.

4 бап. ҚАУЫМДАСТЫҚТЫ БАСҚАРУ

4.1. Қауымдастықтың жоғары органы оның Мүшелерінің Жалпы жиналысы болып табылады. Жалпы жиналыста Қауымдастықтың әрбір Мүшесі бір дауысқа ие. Қауымдастықтың Төрағасы Қауымдастықтың атқарушы және үнемі әрекет етуші органы болып табылады.

4.2. Қауымдастықтың мүшелері Жалпы жиналысының құзіреті және Қауымдастықты басқару құрылымы Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қауымдастықтың Жарғысымен анықталады.

5 бап.ҚАУЫМДАСТЫҚТЫҢ  МҮШЕЛЕРІ ҚҰРАМЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР

5.1. Қауымдастыққа жаңа мүше қабылдау заң және Қауымдастықтың Жарғының талабына сәйкес жүргізіледі.

5.2. Жаңа мүшені қабылдау Құрылтайлық Шартына қосылу туралы Шартпен ресімделеді, оған Қауымдастықтың өкілетті басшысы және жаңа мүшесі қол қояды.

6 бап. ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ, ТАРАТУ ЖӘНЕ ТОҚТАТУ

6.1. Қауымдастықты қайта ұйымдастыру және тарату Қауымдастықтың Мүшелерінің Жалпы жиналысымен немесе сотпен қабылданады және қолданыстағы заңнамаға және Жарғыға сәйкес жүзеге асырылады.

7 бап.ҚАУЫМДАСТЫҚ  ТАРАТЫЛҒАННАН КЕЙІН МҮЛІКТІ БӨЛУ ТӘРТІБІ

  1. 1. Таратылған Қауымдастықтың кредиторлардың талаптарын қанағаттандырылғаннан кейін қалатын мүлікті Қауымдастықтың жарғылық мақсаттарына жолданады

8 бап. БАСҚА ЖАҒДАЙЛАР

8.1. Осы Шарт өз күшіне қол қойған күннен бастап енеді және Қауымдастықты қайта ұйымдастыру немесе таратуға жатады.